Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Орталық референдум комиссиясы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

07.05.2022
1 мин
0
1405

Орталық референдум комиссиясы белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.

«Егер сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар. Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі», делірнген ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланған үндеуде. 

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады. Олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

«Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз. 2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз. Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!», делінген таратылған үндеуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл