Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейліктерге Қазақстаннан кету туралы айтқан тұрғын 2 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы соты Марал Жалелованы "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырды.
- Марал Жалелова "ұлтаралық араздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — делінген сот үкімінде.
Әйелге TikTok желісіндегі орыстарды Қазақстаннан кетуге шақырған видеосы үшін айып тағылған. Марал Жалелова өз кінәсін мойындамады.