Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында 12 млн долларға машина жасау жобасын жүзеге асыру қолға алынбақ.
Жоба 2021-2022 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жаңа жоба Өзбекстаннан келген инвестордың қатысуымен іске асады.
"Өңірде ORBIS Kazakhstan негізінде ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында бірлескен кәсіпорын құру жоспарланған. Жоба құны – 12 миллион доллар", - делінген хабарламада.
Өндіріс қуаты жылына 150 дана ауыл шаруашылық техникасын шығаруды көздейді. Кәсіпорынды іске қосу 100-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.