Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Пәкістан соты 22 жастағы студентті WhatsApp мессенджеріндегі хабарламада Құдайға тіл тигізді деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды BBC.
Пенджаб провинциясының соты сотталушы мұсылмандардың діни сезімдерін қорлау мақсатында фотосуреттер мен бейнелермен бөлісті деп мәлімдеді.
Аталған іс бойынша тағы бір 17 жастағы жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Айып тағылған қос азамат кінәсін мойындамаған.
Пәкістанда Құдайға тіл тигізгендер өлім жазасына тағайындалады. Кейбір күдіктілердің істері сотқа жетпей жатып, өлім жазасына кесілетін де жағдайлар кездеседі.
Аталған шағымды 2022 жылы Пенджаб провинциясының астанасы Лахордағы Пәкістан Федералды тергеу агенттігінің (FIA) киберқылмыспен күресу бөлімі түсірген.
Сот шешімінде Мұхаммед пайғамбар мен оның әйелін қорлайтын фотосуреттер мен бейнелер жасағаны үшін 22 жастағы ер адам өлім жазасына кесілгені айтылған.
Ал екінші айыпталушыға материалдарды таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді.