Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысында балық ресурстарын заңсыз аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аққулы ауданының полицейлері рейд барысында жеңіл көліктен 1 тоннадан астам заңсыз ауланған артемия салина шаянын тәркіледі.
Осыған ұқсас жағдай Ақсу қаласының ауылдық аймағында да тіркелді. Сырлықала ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан "Кескен терек" бөлімшесінде белгісіз тұлғалар заңсыз шаян аулау әрекетін жүзеге асырған. Бұл факті бойынша арнайы сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, өңірде "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Екі күн ішінде полиция табиғатты қорғауға қатысты 135 заңбұзушылықты анықтап, 2 млн теңгеден астам айыппұл салды.