Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент: Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе
Жаңалықтар

Президент: Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе

08.09.2025
1 мин
0
311
Сурет: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында су ресурстарын сақтау мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің айтуынша, су үнемдейтін технологияларды енгізу баяу жүріп жатыр, нақты нәтиже әлі жоқ. Бұл бағытқа халықаралық тәжірибесі бар компанияларды тарту, сондай-ақ әлемдегі озық технологияларды сатып алу қажет.

Президент су тапшылығына байланысты қиындықтар болуы мүмкін екенін, бірақ диқандар суды көп қажет ететін дақыл егуді азайтпайтынын атап өтті. Сондай-ақ «қара нарықтағы» суды заңсыз сату мен сатып алу фактілерін құқық қорғау органдары бақылауы тиіс.

Арал теңізі тәжірибесі жақсы мысал болып отыр. Солтүстік Арал айдыны 36%-ға ұлғайып, су көлемі екі есе артты, тұз мөлшері екі есеге азайды. Дегенмен, Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны экологиялық апат қаупін туғызуы мүмкін.

Президент Қытайда өткен ШЫҰ кеңейтілген отырысында бұл мәселені көтеріп, Су мәселелері жөніндегі кеңес құруды ұсынғанын атап өтті.

- Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке Каспий су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеп, оны серіктес мемлекеттермен келісуді тапсырды. Президенттің айтуынша, бүгінгі дұрыс шешім ертеңгі ұрпаққа игілік әкеледі, ал су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру қаражаттан да маңызды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл