| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11–12 қараша күндері Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласында өтетін XXI Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы байланыстарды тереңдетуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылмақ.