Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ПТР-тест шын мәнінде қанша тұрады
Жаңалықтар

ПТР-тест шын мәнінде қанша тұрады

01.07.2020
1 мин
14
5538

Қазақстанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестілеуге қатысты дау туындады. Отандық тест өндірушілер оның бағасын екі есеге дейін төмендетуге болатынын айтты. Ол үшін мемлекет диагностикалық жүйелерді отандық өндірушілерден сатып алу керек деп жазады Dauletten.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Коронавирусқа анализ тапсырғысы келетін алматылықтар саны көбеймесе, азаяр емес. Зертханаларға қала тұрғындары таң атпастан ұзын-сонар кезекке тұруда. Олар биоматериалды тапсыру үшін бірнеше сағат бойы ыстықта тұрады. Оған электронды кезектің алынып тасталғаны себеп болып отыр. Соған орай, жұртшылық таңғы уақытта келіп, кезекке жазылуда.

Оған қоса, алматылықтар ПТР-тестілеудің сапасы бағасына сай емес деп есептейді. Оңтүстік астана тұрғынының сөзінше, ол тест тапсыру үшін төрт сағат бойы кезекте тұрып, сол үшін 15,5 мың теңге төлеген.

Оңтүстік Корея клиникасы 15 мың теңгені мекеме орната алатын ең төмен баға екенін түсіндірді. Себебі, тестілеуге қажет реагенттер Оңтүстік Кореядан сатылып алынатын болғандықтан тесттің ақтық бағасына оларды алып келу мен медицина қызметкерлерінің жұмысы кіреді. Клиника басшысы Кореяда мұндай тесттер екі есе қымбат тұратынын айтты. 

Ал қазақстандық өндірушілер диагностикалық жүйелермен мемлекетті толығымен қамтамасыз ете алатындарын жеткізді. Олар шығаратын тесттердің өзіндік бағасы үш мың теңгеден аспайды. Алайда, бар мәселе мемлекеттің отандық өндірушілермен серіктестік орнатуға асықпауында болып отыр.

Covid-19 тексеру үшін арналған диагностикалық тест-жүйелерін шығарумен айналысатын кәсіпкер Алтай Қалымбетов компаниясы айына жарты миллионға жуық тест-жүйелерін жасап шығаратынын айтты. Оның сөзінше, отандық өндірушілер реагенттерінің құны 2,5 мың теңгеден аспайды. Испорттық өндіруден шыққан тесттер төрт мыңнан кішкене қымбаттырақ.

Кәсіпкердің айтуынша, зертхана қызметкерлер еңбегінің ақысы мен дезинфекция заттарын ескере отырып бағаларды көтерген жағдайдың өзінде қазақстандық тест-жүйелерінің анализдері 7-10 мыңға жуық болмақ. Бұл дегеніміз, қазіргімен салыстырғанда екі есе арзан болып шығады.

Дереккөз: КТК.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
14 Пікір
Ж
Жанна 16.07.2020
Сәлеметсіз бе, яғни енді тест тапсырсақ арзан бағада болама?
Жауап беру
Ж
Жанат 05.07.2020
Мен копбалы анамын жас отбасы аркалы уй алыуга кандай дакмент керек
Жауап беру
А
Абай 03.07.2020
Осы 3 баласы барлар жәрдем акы алама заң шықтыма
Жауап беру
Ж
Жанка 16.07.2020
Ондай заң шықпады
Жауап беру
Н
НАЗЫМ 03.07.2020
Індет битпи, бұл тесті әр адам тапсырады, сондықтан арзандатылу керек деп ойлаймын
Жауап беру
З
Зада 01.07.2020
Тесттің арзандатылуын сұраймын
Жауап беру
Б
Балжібек 01.07.2020
ОСМС-МӘМС(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру )НАЛОГЫН ТӨЛЕЙТІНДЕР НЕГЕ ТЕГІН ӨТПЕСКН,ОЛ ЖАЙЛЫ НЕГЕ ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЫ ЕШҚАНДАЙ ХАБАРЛАМА БЕРМЕЙДІ?!
Жауап беру
П
Перизат 01.07.2020
Бұл тесттене өтуге шыны керек екинин биринин қалтасы котермейди. Квартирада қанша адам кангып жур.ол тестти бир отбасының биреуи ғана тапсырмайды ғой сонда санай бериниз бир отбасынын озинде 10мыннан санаганнын өзінде 40-50 мыне керек
Жауап беру
у
улжан 01.07.2020
мен жумыска туру ушын осы ПТР ге таспыргам анализ онсыз жумыска алмайды екен амал канша кымбат болсада тапсырдым Алматы каласы Карасай ауданынан болам 18.500тг бизде анализ багасы
Жауап беру
А
Айым 01.07.2020
Астанада 6 поликлиникада кеше тапсырдым. Ози 7 кунде келеди, тапсырган куннен 7кунге гана жарамды. Соз жок, ози срогын келип, ишин тиреп тураганда. Тан атпай очередке турдык, 8болмай. Сонын озинде, 40штук кана бар деп, канша адам тапсыра алмай калды. Карттар, инвалид баласымен аналар, жукти айелдер.. Бари аяктап тик турды. Аман-есен тууды бир, тест тапсыруды еки уайымдап биттик. Не скорый келмейди. Не тестсыз роддомга кабылдап, баланды озине бермейди... Маскара болды, бул... Оданда оз елимизден алмайма..
Жауап беру
К
Курал 01.07.2020
Казакстан оз онимин колданса бари арзан болар еди неге шет ел заттарына кумар екенбиз
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл