Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында есірткіге қатысы бар 7 мыңнан астам сайт анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыс прокуратурасы есірткі бизнесімен күреске бағытталған “Нашақорлыққа жол жоқ” жобасын қолға алып, ведомствоаралық топ құрды.
Жұмыс нәтижесінде есірткіні насихаттайтын 7 мыңнан астам жарнамалық сайт анықталып, бұғатталды.
Есірткі жарнамасы бойынша 55 қылмыстық іс қозғалды.
Әлеуметтік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналда заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды.
Жоба барысында Осакаров, Нұра және Қарқаралы аудандарында 200-ден астам қарасора бұтасы жойылды.