Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағай мен шыршаны заңсыз сатқандар жазасын алды
Жаңалықтар

Қарағай мен шыршаны заңсыз сатқандар жазасын алды

26.12.2022
1 мин
0
1067

Ел аумағында  қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау және сату орындарын анықтау және жолын кесу бойынша рейд жүргізіліп жатыр. 10 күннің ішінде 235 бұзушылық анықталып,  заңсыз ағаш кескендер жазаланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

15 желтоқсаннан бастап ел аумағында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау және өткізу орындарын анықтау және жолын кесу бойынша рейд жүргізіліп жатыр. 

“Автожолдарда, базарларда және басқа жерлерде бақылау үшін 500-ге жуық мобильді топ құрылды, олар 10 күн ішінде мыңнан астам рейд жүргізді. Шыршалар мен қарағайлардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз өткізуге тыйым салу бойынша тексерулер жүргізіледі”, - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Рейд басталғаннан бері 235 бұзушылық анықталған. Азаматтар заңсыз ағаш кесу, сату қылмыстарын жасаған.

“Тексеріс барысында 3 заңсыз ағаш кесу фактісі, 45  қылқан жапырақты жас өскіндерді заңсыз сату қылымсы анықталды. 11 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 240 құқық бұзушы тартылды. Оның көпшілігі шырша мен қарағайды заңсыз кескені, тасымалдағаны және өткізгені үшін жазаға кесілді. Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаштар тәркіленді. Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады”, - деп атап өтті Шұғыла Тұрлыбек. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл