Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қай елде зейнеткерлер Қазақстанға қарағанда жақсы өмір сүреді?
Қаржылық сауат

Қай елде зейнеткерлер Қазақстанға қарағанда жақсы өмір сүреді?

01.05.2021
1 мин
43
10815

Freedom Finance Life сарапшылары зейнеткерлер қай елде жақсы өмір сүретінін зерттеді.

Компания Еңбек министрлігінің дерегіне сүйене отыра, Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер тіркелгенін атап өтті. Орташа зейнетақы мөлшері 94,9 мың теңгеден ($220) асады. Ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жастан, әйелдер үшін 59,5 жастан басталады. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасын жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған.

«Қазақстанда орташа айлық жалақыны ескергенде, азаматтар зейнетке шыққаннан кейін 2,15 есе аз алады. Салыстырмалы түрде Ресей, Италия, Финляндия және Канадада жалақы мен зейнетақы төлемдерінің арақатынасы да осындай. Десе де Данияда зейнетақы мөлшері ай сайынғы табыстан 1,27 есе төмен», - деп хабарлады Freedom Finance Life.

Зейнеткерлер басқа елдерде қалай өмір сүреді

Лихтенштейн. Бұл елде әлем бойынша ең жоғары жалақы анықталды. Жалақы мөлшері айына орта есеппен 5 мың еуродан астам ($5850). 64 жаста зейнетке шыққан тұрғын орташа есеппен 3 мың еуро ($3510) мөлшерінде төлем алады. Бұл ай сайынғы жалақымен салыстырғанда небәрі 1,66 есе аз.

Дания. Еңбекке қабілетті халық орта есеппен 24 315 крон ($3835) алады. Ал 65 жастан асқан зейнеткерлер 9 мың крон (шамамен $3 мың), яғни бұл дегеніміз жалақыдан 1,27 есе аз.

Финляндия. Мұндағы орташа айлық табыс 3548 еуроны құрайды ($4151). Сіз Финляндияда 63 жастан бастап орта есеппен 1522 еуро ($1781) мөлшерінде зейнетақы төлемдерін ала аласыз, бұл жалақының жартысынан астамына тең.

Жапония. Орташа жалақы мөлшері – 310 мың иен ($2971). 65 жасында зейнетке шыққан адамдар 177 378 иен ($1,7 мың) алады. Бұл сома жалақыдан шамамен бір жарым есе аз.

АҚШ. Америкалықтардың орташа айлық жалақысы 4150 долларды құрайды, бұл зейнетақы төлемдерінен 2,76 (1503 доллар) есе көп. Зейнеткерлік жас ерлер үшін 67, әйелдер үшін 65 жас. Бірақ мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда тұрғындар зейнетақы жинағындағы қаражатқа сәйкес 20% айыппұл төлеп, 62 жасында мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады.

Италия. Орташа жалақы 2415 еуроны ($2826) құрайды. 67 жасында олар зейнетке шығып, әдеттегі жалақысынан екі есе аз төлем алады. Бұл орта есеппен 1,2 мың еуро ($1404).

Германия. Германиядағы орташа жалақы - 3771 еуро ($4412). Осындай жоғары мөлшердегі жалақы алған 65 жастағы зейнеткерлер ай сайын бұл сомадан бес есе аз төлем алады. Десе де мемлекет тарапынан ай сайын зейнеткерлердің коммуналдық қызметі толық өтеледі.

Ресей. Жалақы орта есеппен 36 мың рубль ($463). Ал зейнетақы жалақының жартысынан астамын, яғни 16,5 мың рубльді құрайды. Ресейде зейнетақы төлемдері әйелдер үшін 56,5 жастан, ерлер үшін 61,5 жастан басталады.

Қырғызстан. Орташа жалақы - 18 мың сом ($215). Бұл елде зейнетке шығу жасы - әйелдер үшін 55 жас, ерлер үшін 60 жас бекітілген. Олар зейнетке шыққанда орта есеппен 6061 сом ($72) ала алады. Бұл төлем мөлшері жалақыдан 3 есе аз.

Freedom Finance Life сарапшыларының айтуынша, барлық елде, оның ішінде Қазақстанда зейнетақы жүйесі жұмыс беруші мен қызметкер арасында зейнетақыны қалыптастыратын жарналарды толықтыру және сақтандыру компанияларымен келісімшарт жасау арқылы жүзеге асады.

Ұлттық Банктің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында зейнетақы аннуитеті бойынша жасалған барлық шарттардың жалпы сомасы 51 млрд теңгеден астам соманы құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ке артық.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
43 Пікір
Б
Баян 11.06.2021
Ең төмен бізде зейнет ақы, қарапайым халықта, өздері жақсы алады, бәрі тегін сосын түсінбейді халықты.Әділдік жоқ, тамағың мен квартплатаға жетпейді.
Жауап беру
К
Камшат 12.05.2021
Менің м
Жауап беру
Ж
Жалақы Ресеймен бірдей емес.оттамаңдар.қайдан аласыңдар осындай статистиканы 03.05.2021
Айнаш
Жауап беру
А
Айнаш 03.05.2021
30.40 мың пенсия алатындар барғой.
Жауап беру
Г
Гулнур 03.05.2021
Бізде көпбалалы аналар 53жаста пенсияга шығушы еді ғои әлде ол мәліметті алып тастадыма , мен Алла амандығын берсе 13жыл аман есен болсам пенсияға шығамын деп отырсам көпбалалы Алтын алка анамын
Жауап беру
Л
Ләззат 03.05.2021
Сіздерде жақсы екен .Бізде 25 000 т. жұмыс істейміз .
Жауап беру
Р
Ритта 02.05.2021
Шымкент каласында няничкалар 45000 мын алады .Охраниктер 50000 тенге аилык алады ондаи аилыкты каи статистикадан таптыныздар
Жауап беру
Р
Райгүл 02.05.2021
Қазақстаннан басқа бәрінде жақсы шығар
Жауап беру
М
Мархабат 02.05.2021
Статистиканы ең жоғары жалақы алатын Ақ ордадағы чиновниктердікінен аласыздар өтірік ұялмай,қарапайым халық айлықтан -айлыққа әзер жетеді соны біліп отырса да өтірік басқа елдерге күшті болып көрініп үшін для галочки әдемілеп көрсетесіңдер
Жауап беру
Г
Гуля 02.05.2021
Шешем 111000 алады 100 долларда болмайд. Статистиканы кайдан аласыздар осы? Өздерінді алдауға шаршамайсыздар екен осы.
Жауап беру
02.05.2021
1000 мың доллар деңіз
Жауап беру
Н
Назира 02.05.2021
Казир 100 доллар 43000 тг-ге тен, значит сиздин маманыз 250$ доллар алады
Жауап беру
Г
Гульзат 02.05.2021
Менің енем 37 мын гана алады
Жауап беру
Н
Назира 02.05.2021
Жумыс жасамаган кисилер ен томенги зейнетакымен бекитиледи
Жауап беру
Г
Гульжан 02.05.2021
Көп шетелдік кәсіпкерлер Қазақстан шарттары мен жұмыс істемейді зейнетақы төлемейді налогта төлемейді
Жауап беру
А
Айнур 01.05.2021
Біздің елде тек депутат мәжілісі,президент кана керемет акша алады создің шыны 30 мын үшін почтада жүрмиз амал жогтан баска жумыска кіру ушин акы сурайды карупция кай жагынан болсада жогарыдагылар балл ашып болмаса ұйықтап отырып 1500$баксты алып отыр ұят болу керек кой пенсияны армандамаймыз уже тапкан жалакымыз осынша сумма болса
Жауап беру
С
Севара 01.05.2021
Менын мамам 42500 тг алады пенсия даже дарисине жетпиди 5 бала туган жумус истеген кагаздари архивде жок жаныб кетген деб осылай аз шыгарады
Жауап беру
З
Зухра 23.11.2020
Не ушин биздин елде баска елдермен салыстырганда оте томен екен бизнес орташа 90 мын тенге алса, баска елдер 1 миллион 300 мын алады екен не ушин бизде соншалыкты аз?? Ким жауап береди??
Жауап беру
N
Nurqoja 01.05.2021
Ол жерде қымбатшылық. Ол жердің бағасын салыстырса, біздің орташа айлықпен бірдей
Жауап беру
К
Камшат 19.11.2020
Дәулет мырза мына кестени доллор курс 180 болган кезде есептеген гой каз минималька 40 мынмен шыгады гой елдер ещё зарплата унас минималька 42500 ка
Жауап беру
А
Айнур 19.11.2020
Кестеден бар отирик, әжем 86 жаста, зейнетақысы 44000тг., анам зейнетақысы 52000тг. Бул кестеде көрсетілгендей зейнеткерлердің кобиси 220$ алмайды. Көп адамдарға орташа зейнетақы деп 66000-70000тг. арасында көрсетеді, сонда мемлекет бул өтірік ақпарат қайдан алып отыр. Казір Дәулет оқырмандары үйінде зейнетақы алып отырған зейнеткер зейнетақы көрсетсе, сонда көрер едім орташа көрсеткішін.
Жауап беру
Р
Раушан 19.11.2020
Жұмыстарын салыстырып көрсін шет елмен
Жауап беру
Н
Назигул.Семейден 19.11.2020
Дәулет.сәлеметсің,жасым55те,жолдасым58де, пенсияға қалай дұрыс шығамыз, сол тұралы түсіндірсең, рахмет.
Жауап беру
А
Айгүл 19.11.2020
Зейнет жасын узарту емес, керисинше кыскарту керек. Казир адамдар зейнет жасына жетпей, бейнеттин зейнетин кормей кетип жаткандар каншама! Ерлерге 60,айелдерге 55 жаста пенсияга шыгу мумкиндигин беру керек! Содан сон мына жогарыдагы кестеде Казакстаннын пенсиясын оте жогары корсеткен, менин ата-анам мунша пенсия алмайды! Кенес дауиринде жумыстын ауырын солар жасаса да!
Жауап беру
М
Мухлиса 02.05.2021
ия дурыс айтасыз жас олеме кари олеме оны бир Алла биледи сондыктан ертерек шыгару кк жогарыда отыргандар быр ауздан жауап берсе щыгарадыгой
Жауап беру
Г
Гаухар 20.11.2020
Дурыс айтасыз менын де ата анам бундай пенсия алган емес
Жауап беру
Г
Гулшат 19.11.2020
Темір қатынды тапты үкімет.
Жауап беру
Г
Гульнар 18.11.2020
Көршілеріміздің зейнетке шығу жасы өте төмен. Неге Қазақстан сонша 63- ке көтерген? Сонда халқының денсаулығы керемет пе? Мен 56- дамын, аяғымды әрең басып жүрмін. Шіркін зейнетке шығу жасын 57 жас десе, қазір шығып кетер едім.
Жауап беру
01.05.2021
Ия, жасым 58 де әрең жүрміз денсаулық жоқ а́йелдердің жасын төмен кылса болар еді , кайта қарау керек пенсия жасын
Жауап беру
А
Ағила Иманова 18.11.2020
маға
Жауап беру
А
Ағила Иманова 18.11.2020
маға
Жауап беру
А
Ағила Иманова 18.11.2020
маға
Жауап беру
ЖАСТАРҒА ОРЫН БОСАТСА 18.11.2020
ӘЙЕЛ АДАМДАРҒА 50 ЖАСТАН ЬАҒАЙЫНДАЛСА ҒОЙ ҚАЗІРГІ ТАҢДА КӨӨПТЕГЕН ЗАМАНДАСЫМЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ КӨТЕРМЕЙДІ
Жауап беру
А
Айнур 18.11.2020
Шет елдің зейнет жасына жетіп қалыпты Қазақстанда. Әйелдерге оңай емес қысқартылсын зейнет жас!
Жауап беру
18.11.2020
ДҰРЫС
Жауап беру
А
Асем 18.11.2020
Үкіметті түсінбеймін неге әйелдердің зейнет жасын осіріп жатқанын. Жұмыс, бала шаға, уй шаруасы 63 келем дегенше шаршап қалады. Ол жасқа жетпей кетіп жатқандар қаншама. Қысқарту қажет деп ойлаймын.
Жауап беру
М
Маржан 18.11.2020
Келісем
Жауап беру
Л
Ләззат 18.11.2020
Ресейде,Қырғызстан, Өзбекстанда зейнетке шығу жасы төмен екен.Бізде халық саны аз болса да шет елге жетіп қалыпты.
Жауап беру
Б
Бота 18.11.2020
Зейнет жасқа жетпей кетіп жатқандар қаншама, зейнет жасын кішірейту керек қой.
Жауап беру
Ж
Жазира 18.11.2020
Біздің Қазақстанда болып жатқан нәрселерді естігенде, балдарымды алып шетелге көшіп кеткім келеді ғой
Жауап беру
18.11.2020
Жасым 57де пенсия жоқ, ари жумысызбын.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл