Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтыс болған адамның кредитін мұрагерлері төлеу керек пе
Жаңалықтар

Қайтыс болған адамның кредитін мұрагерлері төлеу керек пе

07.07.2022
1 мин
3
3707

Жеке тұлғалардың банкроттығын қарастыратын заң жобасында борышкер қайтыс болған жағдайда, оның міндетін мұрагерлік ету тәртібі қарастырылмаған.

«Заң жобасында міндеттемелерді мұраға алу тәртібі көзделмегенін ескере отырып, жеке тұлға банкрот деп жарияланған жағдайда, оның мүлкі мен міндетін Азаматтық кодекске сәйкес мұрагері қабылдайды», - деп жазылған Қаржы министрлігінің ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында. 

Қаржы министрлігі түсіндіргендей, азаматтық кодекске сәйкес міндеттемелерге кредит бойынша борыштар да жатады. Яғни өсиет немесе заң бойынша мұраны қабылдауға өздері келісім берсе, онда барлық міндет мұрагерлерге көшеді. 

Қазақстандық сақтандыру компанияларының бірі хабарлағандай, несие сақтандырылған жағдайда оны өтемеуге болады. Дегенмен ескеретін жайттар бар. Сақтандыру компаниясымен жасалған шартта сақтандыру жағдайының болуы, яғни қарыз алушының қайтыс болуына қатысты арнайы тармақ болуы тиіс. Тұлға қайтыс болған жағдайда сақтандыру полисі болу қажет. Егер барлық процесс уақытында жасалса, онда қарыз толық көлемде жабылуы мүмкін. 

Ресми ақпаратта берілгендей қарызды жабу бірнеше факторға байланысты. Атап айтқанда, тұлғаның қайтыс болу себебі, құжаттардың толық тізімінің болуы және тағы басқа. 

Министрліктің дерегінше, екінші деңгейдегі банктер қарыз алушыны сақтандыру шартын жасасуға міндеттей алады. Дегенмен банк қарыз алушы мен кепіл берушіні сақтандырушыны таңдауда шектей алмайды. Сондай-ақ, банктік қарыз шарты арқылы қарыз алушыға өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1159 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
З
Зауреш 08.07.2022
1
Жауап беру
Л
Лаззат 07.07.2022
Егерде қайтыс болған адамның сақтандыру полюсы болмаған жағдайда не істеу керек
Жауап беру
А
Айжан 07.07.2022
Банктен кредит алып жатқанда міндетті түрде сақтандыру ұстайды. Халық банк дегендей. Ол не үшін деп сұрағанда егерде қайтыс болған жағдайда борышкердің қарызын сақтандыру полюсі жабады деген. Бірақ сақтандыру ұсталып жатқанымен қайтыс болған адамның қарызын мұрагерлері төлеп жатқанын көргенмін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл