Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
660 мың қазақстандықты алаяқтар 2 миллиард теңгеден астам сомаға алдаған, деп хабарлайды Dauletten.kz. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
«Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», – деп ескертеді ведомство.
Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.
ҚМА басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар "ем" және "жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету" үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті. Яғни күдіктілер әлеуметтік желіде «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін ақша сұраған.
Олар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.
Отырысқа қатысушылар – АХҚО, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері - краудфандингтік қызметті реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.