Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жақында Қазақстандағы Мәжіліс пен маслихат сайлауы 19 наурызда өткен болатын. ал бір жылдың ішіндің ішінде өткен саяси реформалар Қазақстан бюджетіне қанша шығын келтірді?
Референдум өткізуге, ақша, Үкімет резервінен бөлінді. Орталық референдум комиссиясы бұл соманың 79%-ы учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мыңға жуық мүшесінің еңбекақысына жұмсалғанын хабарлады. Оларға «референдум туралы» заң негізінді елдегі орташа айлық жалақы төленді.
Қаржаттың 21%-ы, яғни 3,4 миллиард теңгеден сәл астамы учаскелерді жарақтандыруға, баспа өнімдері мен бюллетеньдер дайындауға, референдум туралы билбордтарды орналастыруға және дауыс беру учаскелері үшін қажетті техникалық құрылғылармен жабдықтыруға жұмсалды.
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, жалпы президенттік сайлау қазақстандық бюджетке 20,5 миллиард теңге шығын келтірді. Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваның айтуынша, Қазақстандағы президенттік сайлау 2024 жылға жоспарланғандықтан, ақша тиісті жылға бюджетке салынған. Бірақ өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, ақша Үкімет резервінен бөлінді.
Сайлауға байланысты барлық шығындардың 90%-ы дерлік сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы болып табылады. 70 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Олардың жалақысын есептеу ең төменгі жалақыны ескере отырып жүргізілді – 60 мың теңге. «Сайлау туралы» Конституциялық заңда комиссия мүшелерінің еңбегіне айына кемінде үш ең төменгі жалақы мөлшерінде ақы төлеу айқындалған.
Сонымен қатар, президенттікке кандидаттардың телевизиялық пікірталастарына «Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 миллион теңге берілді.
1995 жылдан бастап қолданылып жүрген конституциялық заңдар бойынша Сенат Парламенттің төменгі палатасы депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты Мәжіліс уақытша болмаған кезеңде заңдар мен Конституцияға түзетулер қабылдау жөніндегі функцияларын өзіне алады.
Бұл 19 қаңтарда Президент жетінші шақырылымдағы Мәжілісті таратуға және 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға қаулы еткен кезде болды. Оларға жеті партияның өкілдері, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсынған кандидаттар қатысты.
Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес биыл Қазақстан Парламентінің екі палатасын қамтамасыз етуге 22,2 миллиард теңге бөлінді, оған депутаттардың жалақысы, ұшу ақысы, іссапар және тәуліктік шығыстар кіреді. Салыстыру үшін, өткен жылы депутаттарды ұстауға 17,2 миллиард теңге, ал 2021 жылы – 13,7 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Dauletten.kz Tengrinews.kz ақпарат порталына сілтеме жасай отырып.
фото: tengrinews.kz