Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Түрікменстан: екі елдің бауырластық байланыстары күшейеді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Түрікменстан: екі елдің бауырластық байланыстары күшейеді

25.11.2025
мин
0
121
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен келіссөз өткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті ресми сапарымен қарсы алып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен бауырластық қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

– Құрметті Президент Сердар Гурбангулыевич, Қазақстан Республикасына қош келдіңіз! Еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет санайды. Бізді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді, – деді Тоқаев.

Сердар Бердімұхамедов өз кезегінде қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың саяси, экономикалық және мәдени бағыттарда тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстанға ресми сапармен шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Қазақ жерінде көрсеткен қонақжайлығыңыз бен сый-құрметіңіз үшін алғысымды жеткіземін. Біз достық пен бауырластық қағидаларына сүйене отырып ынтымақтастығымызды әрі қарай дамытуды жалғастырамыз, – деді Түрікменстан Президенті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл