Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты
Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты

11.05.2022
1 мин
0
985

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Келісімнің басты бағыттары: оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы. Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру. Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу. Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту», - деп жазады министр.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Министр атап өткендей, сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

Еске салсақ, Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады. Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл