Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сотта Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айыпталушылар туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Абзал Шынасыл, 2000 жылы туған, қазақ. Орта білімі бар, уақытша жұмыссыз, үйленбеген. Бұған дейін сотталмаған. Сот процесіне толық дайын емес екенін, кінәсін толық көлемде мойындамайтынын айтты.
Равиль Сәкиев, 1998 жылы туған, қазақ. Орта білімі бар. Мейрамханада әкімші болып жұмыс істеген, үйленбеген. ҚР ҚК 381-баптың 2 және 6-бөліктері бойынша бұрын сотталған (бостандықты шектеу). Соттылығы жойылған.
Шыңғыс Белғожаев — жоғары білімі бар, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып жұмыс істеген. Талғар қаласында тұрған. 2015 жылы ҚР ҚК 106-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотталған. Үйленбеген.
Дархан Аскентай, 1998 жылы туған, қазақ. Орта білімі бар, уақытша жұмыссыз. 2017 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған, іс тергеу сатысында тоқтатылған. Сотқа дайын.
Нұрқияс Ільясов, 1998 жылы туған, Талғар тумасы, қазақ. Орта білімі бар, жұмыссыз, үйленбеген. Бұрын ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған. Сотқа дайын.
Азамат Тоқтаубаев, 2000 жылы туған, қазақ. Орта білімі бар. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Бұрын сотталған, 2024 жылы 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотқа дайын.
Нұрбол Тоқтаубаев, 1996 жылы туған, қазақ. Орта білімі бар. Арнайы техника операторы болып жұмыс істейді.
Дидар Қалиахмет, 1998 жылы туған, қазақ, Талғар тумасы. Орта білімі бар. Жүргізуші болып жұмыс істейді, үйленген. Бұрын сотталмаған.
Д. И., 2007 жылы туған, Талғар тумасы, қазақ. Орта білімі бар. 11-сынып оқушысы.