Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының XII жалпы отырысының жұмысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Түркияға келді. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Түркияда жер сілкінісі салдарынан қираған аймақтарында әлеуметтік нысандар салуды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс спикері ең алдымен Түркиядағы жойқын жер сілкінісі туралы хабарды бүкіл қазақ елі қатты қайғырғанын атап өтіп, бауырлас халыққа көңіл айтты.
Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жер сілкінісінен қираған аймақтарда бірқатар әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отырғанын айтты.
фото: Ж.Жұмабекова