Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 217 елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастаған. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген. Осы айдың соңына дейін кей өңірде жауын-шашын мол болады. Яғни, қауіп күшейе түседі. Дегенмен, төтенше жағдай мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр.
Осы жылдың 22 қаңтарынан бастап 20 наурызға дейін су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізіліп жатыр.
Аумақтық төтенше жағдайлар департаменттері мен әкімдіктер қызметкерлерінің қатарындағы жұмыс топтары аудандар мен елді мекендердің су тасқынына дайындығына бағалау жүргізді. Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдіктердің су тасқынына дайын еместігі туралы 356 ескерту берілді.
Халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген.
Жыл басынан бері Ертіс, Аблакетка, Громотуха өзендерінде мұз кептелістерінің пайда болуына, топырақ бетінде мұз қабығының болуына, мол жауын-шашынның түсуіне, ауа температурасының күрт көтерілуі аясында қардың қарқынды еруіне байланысты еліміздің 9 өңірінде су басу оқиғалары болды.Сонымен қатар бірқатар өңірде аула аумақтарын су басу фактілері тіркелді. Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 10 учаскені су басты.
Су басуы ықтимал аймақтарда 481 елдімекен бар, онда 1,5 миллионнан астам адам тұрады.