Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Қазақстанда қаржы пирамидаларын бақылайтын топ құрылды
Жаңалықтар

Қазақстанда қаржы пирамидаларын бақылайтын топ құрылды

25.01.2021
1 мин
6
1359

Қазақстанда қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрылды, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.
Оның құрамына бірнеше министрліктің, қаржы мониторингі комитетінің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері кірді.

Өткен жылы қаржы пирамидаларын ұйымдастыру бойынша 217 қылмыстық іс тергелді. Оның ішінде 116-сы сотқа жіберілді. Жауапкершілікке барлығы 79 күдікті тартылды. ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің ақпараты бойынша 2020 жылы елдің аумағында қаржы пирамидаларын құрудың 35 фактісі анықталды.

Жұмыс тобы қаржы пирамидаларына, атап айтқанда, жалпы қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасаудың әлемдік тәжірибесін және озық практикасын зерделейді. Зерделеу нәтижесі бойынша ағымдағы заңнамаға өзгерістер ұсынылады және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді шаралары әзірленеді. Атап айтқанда қазіргі кезде қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және заңсыз ұйымдардың қызметін жарнамалағаны үшін жазаны қатаңдату мәселесі қаралауда, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік органдар тарапынан мониторингтеу ұйымдардың күдікті қызметінің белгілерін ерте кезеңінде анықтауға және қаржылық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда бірінші кезекте қарсы іс-қимылды азаматтардың өздері бастауы тиіс. Егер қаржы пирамидаларына ешкім қаражат салмаса, онда оларды ұйымдастыру да тиімді емес болады да қалады, - делінген агенттік сайтында.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Г
Гульбакит 26.01.2021
Халық прайс деген пирамидаға жатама.Олда ақша жинап алады .Сосын кезекгіңді күт 1 милл береміз дейді.Қаншалықиы рсс екен осы.
Жауап беру
А
Асся 25.01.2021
Бул топпен Калай хабарласуга болады,номерлер барма
Жауап беру
Ж
Жошы 25.01.2021
Кюнет пирамидама
Жауап беру
25.01.2021
Пирамида
Жауап беру
А
Азаматша 25.01.2021
Енді халықтың қаншама ақшасы қолды болды. Осы қаржы пирамидасының жұмыс жасап бастаған кезінен неге билік қадағалайды. Бәрі болып, ел тоналып, бояуы сіңген соң қол сермеген қызық екен. Бірақ, сол сотқа барған істер бойынша неге қолды болып, жымқырған қаржы ізделмей қалада. Ар түбінде бұл билікпен араласып бар адамдардың іс қимылдары. Қаржы жинауға тек банк қана , инвестициямен айналысатын шетелдік лицензиясы бар мекемелер ғана жұмыс жасау керек еді.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл