Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда салынып жатқан үйлерге ипотека рәсімдеуге тыйым салынуы мүмкін
Баспанаға бағыт

Қазақстанда салынып жатқан үйлерге ипотека рәсімдеуге тыйым салынуы мүмкін

12.06.2025
1 мин
0
549
Сурет: spbguru.ru

Сенатта Қазақстандағы үлестік құрылыс талаптарын күшейтуге бағытталған заң жобасы қаралып жатыр. Атап айтқанда, салынып жатқан үйлерге ипотека беруге тыйым салу ұсынылуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Айта кету керек, құжаттағы нормаларды депутаттар бірінші оқылымда қолдап, екінші оқылымға қалдырды. Депутат Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, бұл заң үлестік құрылыс саласындағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге, заңсыз құрылыс үлесін азайтуға, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.

- Әкімдіктердің мәліметінше, үлестік құрылыс саласында әлі де өзекті мәселелер бар. Қазіргі таңда 90 тұрғын үй проблемалы болып саналады. Бұл кейбір құрылыс компаниялары азаматтық-құқықтық қатынастарға сүйеніп, жеке тұлғалармен түрлі келісімшарттар жасауы салдарынан туындап отыр. Мұның соңы азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің жеткілікті деңгейде қорғалмауына, нысандардың уақытында тапсырылмауына, сапасыз құрылысқа және үлескерлер үшін қосымша шығындарға әкеліп соғады, – деді депутат.

Ұсынылған өзгерістер мыналарды қамтиды:

  • салынып жатқан тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға қатысты алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;
  • үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алынбайынша жарнама жүргізуге тыйым салу;
  • салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын заңды түрде тарту бойынша жергілікті акиматтардың бақылау жүргізуі;
  • салынып жатқан көпқабатты үйлерден ипотека арқылы мүлік сатып алуға тыйым салу;
  • салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін тек қолма-қол емес жолмен жүргізу;
  • жоспарлы құрылыс мерзімін ұзартуға рұқсат беру мерзімін 9 айдан 5 айға дейін қысқарту;
  • бірыңғай оператордың кепілдігін алу немесе банк қатысуы арқылы үлестік құрылысқа қойылатын талаптарды төмендету;
  • көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының құрылысы аяқталуын күтпей, әкімдіктерден рұқсат алғаннан кейін үлескерлердің қаражатын уәкілетті компанияның пайдалануына мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, азаматтарды тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу мәселелері бойынша кеңес беретін Үлескерлерді қолдау орталығын құру ұсынылуда. Бұған қоса, азқабатты құрылыс саласын дамыту мақсатында заңға "Жеке тұрғын үйлер кешені" ұғымы енгізілмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл