Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.
Жыл басынан бері ТЖМ қызметкерлері бассейндерде 20 мыңнан астам баланы жүзуге үйреткен. Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. Оларда суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы 6 587 ескерту белгісі орнатылған.
Шомылу маусымы басталғанға дейін ІІМ, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 20 мыңнан астам рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған 525 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-уі кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.
Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, елордалық жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырма берді.
«Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс», - делінген хабарламада.
Осы ретте мынадай кеңес береді: