Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалған миллиондар саны айтылды
Жаңалықтар

Қазақстанда жалған миллиондар саны айтылды

27.01.2021
1 мин
0
1754

Елімізде жалған ақша саны күрт азайды. Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, 2019 жылы жалған ақша белгілері бар 1319 банкнот анықталса, 2020 жылы олардың саны 44,7%-ке азайды. Жалпы, 2015 жылдан бастап жалған ақша саны 66%-ке азайған.

"Өткен жылы 2,47 млн теңге мөлшерінде 729 қолдан жасалған ақша анықталды. Оның ішінде басым көпшілігі номиналы 2 мың теңгелік банкноттар - 346 дана (47,4%). Кезекті номинал 5 мың теңгелік жалған ақша – 220 дана (30,2%), 10 мың теңге – 56 дана (7,7%), 500 теңге – 55 дана (7,5%). Банкноттардың қалған номиналдарына 7,1% тиесілі", – деп хабарлады қадағалау ведомствосы.

Сонымен қатар Ұлттық Банк дерегі бойынша жалған банкноттардың ең көп саны Алматыда – 468 дана (64,2%), ШҚО – 86 дана (11,8%), Нұр – Сұлтан  қаласында – 55 дана (7,5%) анықталса, қалған 16,4% басқа өңірлерге тиесілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл