Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық суретшілер бірлескен сапарлар туралы арт-жоба жасау үшін бірікті
Жаңалықтар

Қазақстандық суретшілер бірлескен сапарлар туралы арт-жоба жасау үшін бірікті

22.11.2023
1 мин
0
726
Суретшілердің туындылары

inDrive қалааралық арт жобасына Қазақстанның танымал және жаңадан бастап келе жатқан суретшілері қатысып, бірлескен сапарлар туралы өз көзқарастарымен бөлісті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

inDrive қалааралық қызметі отандық суретшілермен бірігіп «Бағыттас ережелері» жобасын бастады. Жоба барысында компания қызметкерлері ыңғайлы ортақ сапарлар туралы он бір негізгі ережені бекітсе, әр суретші бекітілген ережелердің біреуін бейнелеген. Жобаның мақсаты – жолаушылар мен жүргізушілерді өнер арқылы біріктіру, сонымен қатар заманауи шығармашылық призмасы арқылы ортақ саяхат мәдениетін көрсету.

«Бағыттас» деп аталатын жобада бұл қызмет арқылы жолаушылар бүтін бір көлікке тапсырыс бермей-ақ, бір ғана орынды сатып алып, басқа жолаушылармен бірлесіп жолға шыға алады. 

Дегенмен, шынайы өмірде бірлескен сапарлар барысында күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан inDrive қалааралық қызметкерлері еліміздің жаңадан бастап келе жатқан дарындарымен және танымал суретшілермен жолаушылардың бірлескен ұзақ сапарлар кезінде өздерін қалай ұстау керектігі туралы тақырып қозғады. Соның ішінде, бейтаныс адамдармен саяхаттаған кезде не нәрсе орынды, ал не істеген орынсыз? Ұзақ жолға шыққан кезде ше? TikTok-тың дыбысын қатты шығарып видео көрген дұрыс па? Ал сэндвич жеген ше? Жүргізушінің назарын бөлуге бола ма? Жолда жоспарланбаған аялдама жасауды қалай сұрауға болады? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын әдемі өнер туындыларынан табуға болады.

«inDrive құрылғаннан бері адамдарды біріктіріп келеді. Басында біз жолаушылар мен жүргізушілерді байланыстырудан бастадық, ал бұл жолы өнер әлемі мен саяхат әлемін біріктірдік. Бұл жоба тек эстетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар қоғамға әкелер пайдасымен маңызды, өйткені ол жүргізушілер мен жолаушылар арасында түсіністік пен сыйластықты арттыруға оң әсерін тигізеді деп сенеміз — ыңғайлы және қауіпсіз!» — дейді Қазақстандағы inDrive.Қалааралық сервисінің басшысы  Борис Хван.

Жобаға жас және болашағы зор, сондай-ақ бұрыннан танымал суретшілер қатысты. Атап айтар болсақ, suretwi, Assolyaa & Mimi Ilnitskaya, sasha_bateneva, karlygash_art, imkaken, aidana1, aiivell.sattar, mars_arts_kz бар. Олардың көпшілігі өз шығармаларында әртүрлі форматтар мен стильдерді, сондай-ақ қазақтың ұлттық элементтерін қолданады.

«Шындығында, біз мүмкіндігімізше ыңғайлылықты ұнатамыз және бұл кез келген жағдайға қатысты, соның ішінде бірлескен саяхаттар да бар. Бұл жоба — сапар шарттарын алдын ала талқылаудың қаншалықты маңызды екені туралы әлеуметтік коммуникация. Баға белгіленді, бәрі келіcкен соң — «Ақ жол» дейміз. Ұзақ жол жүру кезінде сіз қаладан алған әсерлеріңізбен, барған сапарыңыздың мақсатымен бөлісе аласыз, бір-біріңіздің өмірлеріңіз туралы көбірек біле түсесіз, тіпті дос та таба аласыз! Әрине, inDrive-та әртүрлі сапар жағдайларына арналған ережелер бар, ал мен қасымдағы жолаушылардан Джон Руэл Толкиннің үш сағаттық әңгімелеріне қаншалықты дайын екендігі туралы алдын ала сұрай аламын», - дейді жобаға қатысушылардың бірі Мими Ильницкая.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл