Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанға Ресейден қандай қауіптер төнуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанға Ресейден қандай қауіптер төнуі мүмкін

28.11.2024
1 мин
3
1635
Сурет: abai.kz

Гарвард университетінің аға ғылыми қызметкері, Дэвис орталығының Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Наргис Касенова Қазақстанға Ресейден төнуі мүмкін қауіптер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

– Біз белсенді сайлау саясаты бар елдерде Ресейдің қалай араласатынын көріп отырмыз. Молдова мен Грузиядағы жағдайлар да бұған мысал. Егер саяси жүйеде либерализация жүргізілсе, мұндай араласуды тоқтату мүмкіндігі артады. Біз Мәскеудің саяси қозғалыстар мен партияларға қолдау көрсетіп, қысым жасағанын және бұл қысымның күшейіп жатқанын білеміз. Бұл – Ресей тарапынан болуы мүмкін ең үлкен қауіп, – деді бірнеше жылдан бері АҚШ-та жұмыс істеп келе жатқан белгілі саясаттанушы.

Оның пікірінше, Ресей бастапқыда “ішкі саяси процестерге араласуы мүмкін”, ал келесі кезеңде “ашық агрессияға” көшу ықтималдығы бар.

– Үшінші деңгей – ашық агрессия. Алайда мен оның ықтималдығы аса жоғары емес деп ойлаймын. Ресей Орталық Азия аймағында ашық қақтығыстарға бармайды, – деді ол.

Сонымен қатар, саясаттанушы ресейлік шенеуніктер мен саясаткерлердің Қазақстанға қатысты қысымын да атап өтті.

– Егер ресейлік сарапшылардың пікірлерін оқысақ, олар “Қазақстан, Армения сияқты елдер бізден алыстап кетті, алғыс білдірмейді, ешқайда кете алмайтындарын өздері түсінбейді” деген ойларды жиі айтады. Олар “қазір арнайы операциялармен айналысып жатырмыз, кейін тәртіп орнату қажет болады” деп те жазады. Бұл қысымның артып келе жатқанын көрсетеді. Егер Ресей басқа аймақтардағы мәселелерін шешіп алса, біз қандай да бір себеп тудырмасақ та, оларға бәрі ұнамайды. Біздің тарих кітаптарымыз бен баспасөзіміздің өзі оларды тітіркендіреді, – деп түйіндеді саясаттанушы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Х
Хафиза 29.11.2024
Қазақстан өз жерінде, өз елінде тұрып,неге жалтақтай береміз,орыс мектептері керек емес,өз Ресейінде мектептерін жарылқасы. Мұның арғы жағы қазақ жерін де орыс саясатының үстемдігін күшейту
Жауап беру
Д
Динара 28.11.2024
Казакстан да орыс мектебин баскада улт мектептерин салуга карсымын артне тил билуге косымша пан ретинде болады бирак мектеп емес
Жауап беру
А
Айгерим 28.11.2024
Мектеп салуга карсымыз. Неге олар мектеп салу керек. Қазақ мектебі көбесін!!! Онсыз да барлығы орысша сайрап жүр. Керісінше россияга барып қазақ мектебін салсын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл