| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасына кері әсер ететін жағдайлар туралы ескертті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 23 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей, Риддер және Атырау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы байқалады.
Мұндай жағдайлар әдетте желсіз немесе әлсіз жел соғатын, тұман түсетін, сондай-ақ температуралық инверсия байқалатын кезде орын алып, ауадағы зиянды заттардың жер бетіне жақын қабатта жиналуына әкеледі.
Осыған байланысты аталған қалаларда ауа сапасының төмендеуі ықтимал.