Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін терең, белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай тудырады.
Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.