| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауа райын болжауда заманауи технология қолданыла бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазгидромет» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік орталығының есептеу мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауа райын сандық болжаудың жаңа моделін іске қосты.
Мекеме мәліметінше, Weather Research and Forecasting (WRF) сандық моделі университеттің суперкомпьютерінде күн сайын автоматты түрде жұмыс істейді. Нәтижесінде Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, желдің бағыты мен жылдамдығы, сондай-ақ метеограммалар бойынша нақты болжамдар жасалады. Есептеу процесі толық автоматтандырылған.
Сонымен қатар модельдің шығыс деректерінің сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қосымша талдау жүргізіледі. Бұл болжамдардың нақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Жоба елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін нығайтуға және қауіпті табиғи құбылыстар туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ бастама Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен жетекші университет арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға жол ашады.
Айта кетейік, 2 шақырым ажыратымдылықтағы WRF моделін енгізу – Қазақстандағы метеорологиялық қызметті дамытудағы маңызды қадам. Ресми сайттағы «Ауа райының сандық болжамы» бөлімінде пайдаланушылар модель есептеулерінің нәтижелері мен ел аумағы бойынша болжамды арнайы карталар арқылы көре алады.