Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҚҚС – 16 пайыз: Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды
Жаңалықтар

ҚҚС – 16 пайыз: Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды

18.07.2025
1 мин
0
145

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, кәсіпкерлерге түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Атап айтқанда:

  • Салық есептілігі 30%-ға қысқарады;
  • Салықтардың жалпы саны 20%-ға азаяды;
  • Жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады.

ҚҚС-тың жаңа мөлшерлемесі

Қосылған құн салығының (ҚҚС) базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленді.

Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген мөлшерлеме енгізіледі:

  • 2026 жылдан – 5%,
  • 2027 жылдан – 10%.

Ал кейбір қызмет түрлері ҚҚС-тан толық босатылады:

  • ТМККК және МӘМС аясындағы медициналық қызметтер,
  • Орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу,
  • Кітап шығару, археологиялық жұмыстар,

Мерзімді басылымдарды сату кезінде 10%-дық жеңілдетілген ҚҚС қолданылады. ҚҚС бойынша тіркеудің төменгі шегі 10 000 АЕК (40 млн теңге) болып бекітілді.

Жеке табыс пен көлік салығындағы өзгерістер:

  • Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдер жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.
  • Қолдану мерзімі 10 жылдан асатын көліктерге салынатын салық төмендейді.
  • Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік шегерім 882 АЕК-тен 5000 АЕК-ке дейін өседі.

Салықтар мен төлемдер саны қысқарды:

  • Бірыңғай жер салығы қысқартылды;
  • Кейбір төлемақылар мен алымдар жойылды.

Арнаулы салық режимдері үш бағыт бойынша сақталады:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,
  • Оңайлатылған декларация,
  • Шаруа қожалықтары.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салықты мобильді қосымша арқылы төлей алады.

КТС және инвестицияларды ынталандыру:

  • Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 20% деңгейінде қалды.

Бірақ кей салалар үшін сараланған мөлшерлеме енгізіледі:

  • Банктер мен ойын бизнесі – 25%,
  • Әлеуметтік сала – 2026 жылы 5%, 2027 жылы – 10%,
  • Ауыл шаруашылығы – 3% жеңілдетілген мөлшерлеме.
  • Биржалық құнды қағаздардан түскен дивиденттер салық жеңілдіктерімен сақталады.
  • “Бәйтерек” холдингі шығарған құнды қағаздар бойынша кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады.
  • Жаңа пайдалы қазба учаскелері 5 жыл бойы салықтан босатылады.

Прогрессивті табыс салығы

  • Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатын азаматтарға – 15% ЖТС.
  • Дивиденттері мен кірісі 230 мың АЕК-тен асатын кәсіпкерлер де осы мөлшерлеме бойынша салық төлейді.
  • Фермерлерге – 4,5% салық (70% жеңілдік ескеріледі).

Қымбат тауарлар мен мүлікке салынатын салықтар:

  • 75 млн теңгеден қымбат автокөліктер,
  • 100 млн теңгеден жоғары бағаланатын кемелер,
  • Бір литрі 500 мың теңге тұратын алкоголь,
  • Бір данасы 10 мың теңгеден асатын темекі – 10% акциз салығына ілігеді.
  • Жалпы құны 450 млн теңгеден жоғары жылжымайтын мүлікке мүлік салығы көтеріледі.

Салықтық әкімшілендіру жеңілдейді:

  • Камералдық бақылау ескерту сипатында болады.
  • Қарыз аз болса, шоттар бұғатталмайды.
  • Берешек бойынша шаралар кезең-кезеңімен қолданылып, төлемдерді бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл