Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құны пәтер бағасына тең дәретхана
Жаңалықтар

Құны пәтер бағасына тең дәретхана

12.06.2020
2 мин
10
1552

Алматыда әжетхана құрылысы үшін бюджеттен 178,5 миллион теңге бөлінбек. Нақтырақ айтсақ, біреуі 9 миллион теңге болатын 20 дәретхана қойылмақ. Бұл туралы қалалық туризм басқармасының деректеріне сүйене отырып astanatv телеарнасы хабарлады.

Тұрғындар әжетхананың әрқайсысы бір бөлмелі пәтердің құны екені айтып, ашынды. Ал Павлодарда осыдан 4 жыл бұрын, әрқайсысы екі бөлмелі пәтер құны болатын әжетханалар салынған еді. 5 жарым миллион теңгеден жұмсалған 4 әжетхана қазір өзін-өзі ақтамаған.

Құрылысына миллиондар құйылған дәретхана қаладағы ең маңызды деген 20 нүктеге қойылмақ. Нысандардың іші жылдың қай мезгілі болса да жарық әрі жылы болмақ. Заманауи бір әжетхананың құнын 9 миллионға бағаланған. 

Шаһар шенеуніктері қолданыста жүрген темір кабиналарды жуып-шаюдан шаршаған соң, осындай қадамға бардық деп ақталды. Осылайша мегаполистің туристік инфрақұрылымын да дамытамыз деп сендірді. 

Қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков пандемияға орай туристердің тапшылығына қарамастан, ішкі құрылымды дамытуға күш салып жатқанын айтады.

"Сол үшін Алматыда қазіргі уақытта 20 әжетхана қою жоспарланып отыр. Ол әжетханалар туристер ең көп жиналатын жерлерде болады және қажетті заттармен жабдықталады", – дейді ол.

Құны қымбат әжетхананың ұзындығы бес, ені үш метр болады. Ерлер бөлмесіне қарағанда әйелдер бөлмесін кеңірек жасау жоспарланған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы орын қарастырылып, баланы жөргекке орайтын үстелдер де қойылады.

"Осындай дәретхананың бағасы 9-10 миллион теңге шамасында. Қымбат болу себебі, іштегі нысандардың унитаз, қол жуатын орын, бәрі темірден жасалады. Бұған жергілікті бюджеттен 178,5 миллион теңгеге ұсыныс бердік және ол қабылданды", – дейді Ақылбеков.

Ал қала тұрғындары бұл бастаманы құптағанымен, бағасына таңырқап отыр. Олар: "9 миллион теңгеге бір бөлмелі бір пәтер алуға болады. Әрине, қоғамдық орындарға әжетхана керек. Бірақ 9 миллион дегені миға сыймайды" десе, енді бірі "құны сапасына сай болса, жөн деп ойлаймын" дейді.

Тағы бір тұрғын мұны құптамайтынын айтады.

"Әрине барлығы тұрғындар үшін. Бірақ бағасы у-дай екен", – дейді ол.

Айта кетейік, дәретхана ақылы болады. Оған бір кіріп-шығу құны 50 немесе 100 теңге болады. Бірақ бағасы әлі нақты шешілмеген.

Қазір басқарма басшылары, нысанның құрылысын салуға конкурс жариялаған. Апта соңына дейін құрылысына жауапты мекеме де белгілі болмақ. Айтпақшы қымбат әжетхана елде бірінші рет салынайын деп жатқан жоқ. Төрт жыл бұрын Павлодарда да салынды.

Құны пәтер бағасына тең дәретхана

2016 жылы іске қосылған, сол кездегі екі бөлменің бағасына салынған әжетханалар Павлодарда қазір де бар. Бірақ өзін-өзі ақтады ма, ол жағын айту қиын. Қымбат дәретхананың қазір 4-уі ғана қалды. Оның өзі жекенің қолына өткен.

Әр қайсысынына 5,5 миллион теңге бөлінген болатын. Қала билігінің бұл қадамы тұрғындардың сынана іліккен еді. Өйткені, бағасы сол кезде 2 бөлмелі пәтердің құнымен тең болатын. Бастапқыда жергілікті билік бұндай әжетхананың санын 10-ға жеткізуді жоспарлаған. Кейін қоғам наразылығынан кейін ойларынан айнып қалды.

"Қазіргі уақытта бұл туалеттердің бәрі жұмыс істеп тұр. Кезінде мына өзіміздің ТҮКШ балансында болған. 2018 жылдан бастап құрылған коммуналдық "Коммун-сервиске" толық берілді. Солардың балансында. Енді оларды ұстау, күту солардың мойнындарында", – дейді Павлодар қалалық ТҮКШ бас маманы Сабыр Оразбаев.

Жыры бітпеген қоғамдық әжетхана осыдан 1 жыл бұрын қыста қатып қалған. Ол кезде жалға алған кәсіпкер шығын өтелмеді деп бас тартыпты. Содан қараусыз қалған нысан бұзақылардың ермегіне айналып, қирады. Ал тұрғындар бұл дәретханалардың 5 жарым миллионға салынғанына әлі сене алар емес.

"Әрине, қымбат. 300-400 мың теңгенің шамасында болады. Тек, 5 миллион теңге емес" дейді қала тұрғындары.

Қазынадан қыруар қаржы жұмсалған дәретхана бастапқыда ақылы болды. Осылайша жергілікті шенділер өз құнын өзі өтейді деген болатын. Бірақ кейінен жекенің қолына өткен соң, тегін әжетханаға айналған. Өйткені құны 50 теңгелік әжетханаға келушілер болмаған.

Ал дәретхананың қымбатқа салынуын жергілікті билік жарық, жылу секілді коммуналдық желілердің тартылуымен байланыстырады. Шағын ғана кабина қараусыз қалмасын деп күзетші де қойыпты. Қазір қалалықтарға тегін қызмет көрсетіп тұр. Жергілікті билік оған қаржы бөліп отыр. Бірақ қанша жұмсайтындарын айтудан бас тартты.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
10 Пікір
12.06.2020
Бұл қасқалар дәретхананың айналасынан шыға алмады ғой. Ақшаны жеңіл өнеркәсіпке,ғылымды дамытуға құйса ғой Сонда димда алдындағы қателіктерінен нәтиже шығармайма екен..е
Жауап беру
12.06.2020
Жастарға уй алып берсе оданда жаксы болатын еді каншама отбасылар бар уйі жок
Жауап беру
12.06.2020
Жастарға уй алып берсе оданда жаксы болатын еді каншама отбасылар бар уйі жок
Жауап беру
Н
Ник 12.06.2020
Акмола обылысы, Зеренди ауданында 23миллионнын даретханасы тур, жай туалет ен еш айырмашылыгы жок. Тек унитаз бен раковина бар демесен. Сырты канылтыр.
Жауап беру
М
Меруерт 12.06.2020
Оданда уй алып берми ме уйі жоқ қаншама адамдар жүр гой. Жоғарыдағы көкелер ми жоқ па деп каласын
Жауап беру
12.06.2020
Кеше доңызға бүгін
Жауап беру
А
Асель 12.06.2020
Соз жок, не айтуга болады енди...
Жауап беру
А
Айнур 12.06.2020
Масқара
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл