Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Референдум: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Жаңалықтар

Референдум: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

03.06.2022
1 мин
0
2136

Биыл 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіледі. Ертең, 4 маусымда сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталады. Бұл туралы Бас прокуратура баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл үгітке, соның ішінде қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін немесе референдум нәтижелері болжамдарын жариялаумен ұштасқанға референдум өткізілетін күннің алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда тыйым салынады (Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағы)", - делінген хабарламада.

Осы күндері үгіт жүргізілген жағдайда ӘҚБтК-ның 102-бабы бойынша жауапқа тартылатыны айтылған.

"Екі немесе одан да көп рет не басқа біреу үшін дауыс беру немесе учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру ӘҚБтК-нің 108 және 110-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғатынына да назар аударамыз. Конституцияға (83-бап) сәйкес прокуратура органдары референдумға дайындық пен оны өткізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзудың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
305
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл