Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресей жаңа коронавирус індетімен күресуге Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде 150 миллионнан астам рубль немесе 2,079 миллион доллар бөлді. Қаулы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.
"2020 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының халқына жаңа коронавирус инфекциясымен күресуге шұғыл гуманитарлық көмек көрсету мақсатында: РФ үкіметінің резерв қорынан 2020 жылы 150 миллион рубль көлемінде бюджет қаражаты бөлінсін", - делінген ел премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған қаулыда.
Қаржы қажетті дәрі, медициналық заттар және жеке қорғаныс құралдарын алуға жұмсалады. Ресей үкіметінің төтенше жағдай министрлігі қаржының дұрыс жұмсалуын жіті бақылап, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін есеп береді.
Еске сала кетейік, Қазақстанға Ресейден арнайы COVID-19 індетімен күресу мақсатында 32 жетекші маман келген еді. Олардың арасында жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, реаниматологтар, анестезиолог-реаниматологтар, эпидемиологтар, пульмонологтар бар.