Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Салық төлемдерінің саны кемінде 20 пайызға қысқартылады
Жаңалықтар

Салық төлемдерінің саны кемінде 20 пайызға қысқартылады

27.11.2023
2 мин
0
649
Фото: yurfacecompany.com

Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің өкілдері өткен жылдың соңынан бастап жаңа Салық кодексі жобасының тәсілдерін талқылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Талқылаулар бизнес өкілдерінің, сарапшылардың, мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, салалық бизнес – қауымдастықтардың кең ауқымын тарта отырып ашық өткізіліп жатыр. 

Ағымдағы жылдың басынан бері Ұлттық экономика министрлігінің алаңында осы бағытта 250-ге жуық отырыс өткізілген. Отырыстарға бизнес — қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың 350-ге жуық өкілі, салық салу саласындағы сарапшылар, экономистер қатысты. Бүгінгі таңда олардың тарапынан  1000-нан астам ұсыныс түсіп, тиісті жұмыс тобы аясында талқыланған. 

“Салық берешегін алу кезінде банктік шоттағы ақша қозғалысы тек қарыз шегінде болады. Салық төлеушілерді салықтық тексерулерден босату, айыппұлдар, өсімпұлдарды азайту, жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсініктемелер, сотқа дейінгі келісу комиссиясы, бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру мерзімдерін ұлғайту, ҚҚС-ты 90 пайызға дейін оңайлатып қайтару сияқты салықтық артықшылықтар беру арқылы көлденең мониторингпен қамту кеңейтіледі. 
 

1600 АЕК-ке дейінгі салық берешегі бойынша кепілмен қамтамасыз етусіз 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

Сот шешімінсіз жұмыс істемейтін салық төлеушілерді жою тетігі (бір жыл ішінде ТНК ұсынбау, банктік шоттарда қозғалыстың болмауы) және 500 млн.теңгеден аз айналымдар кезінде салық төлеушіні тексерусіз оңай тарату көзделеді”, - дейді Ерлан Сағынаев. 

Банктік шоттарды бұғаттаудан бас тарту және салық берешегінің сомасы мөлшерінде инкассалық өкімдер қою ұсынылады. Мысалы, егер берешек 100 мың теңге, ал шотта 10 млн.теңге болса, онда шоттан 100 мың теңге алынады, қалған бөлігі бойынша операция тоқтатылмайды.

Салық есептілігі 30 пайызға қысқарады (бірқатар есептеулер мен декларациялардың күшін жою), оның ішінде 1 млн.теңгеден аз салық міндеттемелерінің сомасы кезінде мүлік салығы және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есептері, сондай-ақ бизнес субъектілері үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша есептер мен декларациялар жойылады.

Жаңа Кодексте инвестициялар тартуды ынталандыру және бизнесті дамыту шаралары да көрініс табады.Бірінші кезекте ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады. Мысалы, тауарлардың тізбесін оңтайландырумен есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тәртібін сақтау ұсынылады (қазір бұл норма 2025 жылға дейін қолданылады). Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін бірқатар салықтардан 3 жылға босату көзделді.

Салық төлемдерінің саны кемінде 20 пайызға қысқартылатын болады.Арнайы салық режимдерін оңтайландыру үшін ұқсас шарттары бар режимдерді біріктіру (мысалы, мобильді қосымшаны қолдана отырып, патент және арнайы салық режимі), талап етілмеген режимдерді жою (мысалы, тіркелген шегерім режимі) ұсынылады. Бөлшек салық режимін қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі кемінде 2 есеге кеңейтіледі.Осылайша, қолданыстағы ынталандыруды сақтай отырып, бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қабылданбақ.

Қымбат мүлікке жоғары салық салу арқылы салық жүйесінің әділдігі күшейтіледі. Жеке тұлғаның барлық объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК (1 млн. АҚШ доллары) асқан кезде мүлік салығының мөлшерлемелерін ұлғайту ұсынылып отыр.Сонымен қатар, шектеулі адамдардың меншігінде яхталар мен жеке ұшақтар бар. Яхталарға салынатын салықтың ең жоғары сомасы қазір шамамен 190 мың теңгені (55 АЕК) құрайды. Оларға салық мөлшерлемелерін бірнеше есе арттыру ұсынылады. Көлемі 5 метрден асатын яхталар сәнді заттарға жататын Еуропа елдерінің үлгісі бойынша салық мөлшерлемесін анықтау үшін яхтаның ұзындығын қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл