Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түменде 2016 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оперативтік қызметкерлердің мәліметінше, сегіз жыл бұрын Ақмола облысының тұрғыны мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, жаңа қылмыс жасаған және соттан қашып, көрші мемлекет шекарасын кесіп өткен.
Түменде орнығып алған ер адам жергілікті тату-салондардың біріне шебер болып жұмысқа орналасқан.
Жедел-іздестіру шаралары және ведомстволық дерекқорлардың көмегімен полиция қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, ресейлік әріптестердің көмегімен оны ұстап, Қазақстан аумағына экстрадициялады.