Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шетелден 150 млрд доллар инвестиция түсуі мүмкін
Жаңалықтар

Шетелден 150 млрд доллар инвестиция түсуі мүмкін

04.11.2022
2 мин
0
566

Қазақстан алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Елімізде цифрлық трансформацияны қолдау үшін реформалар жүргізуге кірістік. Бұл жұмыстарды бүкіл әлем мойындап отыр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ-ның рейтингісінде Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіреді, сондай-ақ онлайн қызмет көрсету индексі бойынша 11-орында.

Елге тартылатын тікелей шетелдік инвестицияларға тоқтала Президент: «Алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз», - деді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұстанымы қандай екенін мәлім етті.

«Қазақстанның ұстанымы өте қарапайым және айқын – біз нөлдік сомасы бар ойындарға сенбейміз. «Үлкен ойындарға» емес, Еуразияның жүрегіндегі барлық адамдар үшін «Мол пайдаға» ұмтыламыз», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл