Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Сіз үшін тағы не істей аламыз?": қазақстандықтар Kaspi Bank-тен бастартып жатыр

05.01.2025
мин
0
346
Сурет: Kaspi.kz

Kaspi банк — Қазақстандағы ең танымал компаниялардың бірі. Оның жүйесі миллиондаған қазақстандыққа қолайлы және күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналған. Алайда банк қызметіне енгізілген кейбір өзгерістер тұтынушылар тарапынан әртүрлі пікірлер туғызуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қызмет ақысы мен бонустар жүйесіндегі өзгерістер

Kaspi банк клиенттерге QR-код арқылы төлем жасағаны үшін бонустар беретін. Бұл бағдарлама өткен жылдың соңғы айларынан бастап тоқтатылды. Бұл өзгеріс көптеген тұтынушы арасында талқыға түсті. Кейбір аударымдар мен ірі көлемдегі қаражатты шешу кезінде комиссиялық төлем мөлшері де өзге банктермен салыстырғанда біршама көп. Клиенттер соңғы уақытта комиссиялар мен қызмет ақыларының жоғары екенін алға тартып, банк қызметінен бастартып жатыр.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік парақшаларында өз ойын білдірді.

- Әрі жыл сайынғы қызметі деп 1995 теңге алады. Kaspi-де кемі 12 миллион тұтынушы бар. Уикипедия мәліметі осылай дейді. Одан бөлек, 300 мың теңгеден артық шешсеңіз тағы % төлеу керек. Басқа банкке ақша аударсаң, комиссиясы сұмдық. Ал ақшалай кредиті жайлы мүлде сөзім жоқ, - деді Мұқаев.

Депутат жариялаған постқа көп қазақстандық аталған банкке соңғы уақытта көңілдері толмай жүргенін айтып, пікір білдіріп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл