489.39
567.5
6.69
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Спортшыларға берілетін сыйақы талаптары жаңартылды
Жаңалықтар

Спортшыларға берілетін сыйақы талаптары жаңартылды

17.06.2026
мин
0
123
Сурет: BAQ.kz

Туризм және спорт министрлігі спортшыларға берілетін ақшалай сыйақыларды тағайындау тәртібіне қатысты ресми түсіндірме жариялап, төлем жасау талаптарын нақтылады, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Туризм және спорт министрлігі бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында спортшыларға ақшалай сыйақы төлеу қағидаларына түсініктеме берді.

Ведомство басшысы бекіткен ресми құжат заңнама нормаларын бірізді қолдануға және олардың әртүрлі түсіндірілуінен туындауы мүмкін негізсіз бюджет шығындарының алдын алуға бағытталған.

Түсіндірмеге сәйкес, ақшалай сыйақылар тек ересектер арасындағы ресми әлем чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға беріледі.

Олимпиадалық спорт түрлерінде жүлделі орын иелену төлем алуға негіз болады. Ал олимпиадалық емес спорт түрлерінде сыйақы төленуі үшін жарысқа кемінде 20 елдің спортшылары қатысуы қажет.

Бұдан бөлек, жарыс жоғары жетістіктер спорты жүйесіне енуі, халықаралық спорт федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілуі және ресми мәртебеге ие болуы тиіс.

Министрліктің мәліметінше, аталған бұйрық 2026 жылғы 3 маусымнан бастап күшіне енген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл