Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
20 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен төтенше жағдайлар департаментінің КамАЗ көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, JAC жеңіл көлігінің тізгінінде 1987 жылы туған ер адам болған. Ал КамАЗ жүргізушісіне медициналық көмек қажет болмады.
СҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Қызылжар ауданындағы Петропавл – Ишим автожолында болған. Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр.