Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Суық жақындап келеді. Қазақстанның солтүстігінде қар жауды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
11 қазанда түнде ауа температурасы кенеттен 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін төмендейді, 12 қазанда одан әрі төмендеу түнде 2-7 градус аязға, күндіз 0-5 градус аязға дейін күтіледі.
12 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі соңғы 12 сағатта жарақат алғандармен жол-көлік оқиғалары тіркелмегенін хабарлады. Алайда полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды көктайғақ қаупі туралы ескертіп, автокөліктерді қысқы дөңгелекке ауыстыру қажеттігін еске салады.
Петропавлда дөңгелек ауыстыру орындарында кезектер пайда болды.
Еске сала кетейік, синоптиктер 11 қазанда Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады.
Астанада 11 қазанда жаңбыр жауады, кешке қарай жаңбыр қарға айналады, 12 қазанда қар, боран күтіледі. 11 қазанда күндіз ауа температурасы 8-10 градус жылуға дейін төмендейді, 12 қазанда одан әрі төмендеу түнде 2-4 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін күтіледі.