453.65
509.99
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды

06.10.2026
мин
0
100

Талдықорғанда полиция қызметкерлері ЖБО камералары арқылы баланы тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бейнежазбадан 31 жастағы жүргізушінің Changan X5 Plus автокөлігін басқарып келе жатып, бес жасар қызын көліктің жоғарғы бөлігіндегі ашық қуыстан сыртқа шығарып қойғанын көруге болады. Кішкентай қыздың денесі беліне дейін сыртқа шығып тұрған.

Аталған факті бойынша жүргізуші, яғни баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай әрекетке жол берілмейтінін түсіндірді. Жүргізушіге балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Полиция ескертеді: балаларды тасымалдау кезінде барлық қауіпсіздік талабы қатаң сақталуы тиіс. Ата-аналар мен жүргізушілер баланың өмірі мен денсаулығына жауапты. Сондықтан баланы көлікпен тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл