Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Алматының 2023 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есебін тыңдады. Ерболат Досаевтың айтуынша, есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады. 2024 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) өсуі 5,5 пайыз деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4 пайызға дейін жеделдеуі күтілуде. 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,1 пайызға өсіп, 1 133 миллиард теңгені құрады. 2024 жылы барлығы екі триллион теңге инвестиция тартылатын болады.
Президентке жергілікті бюджет кірістерінің 27,2 пайызға өскені туралы хабарланды. Бұл Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар аясындағы басым жобаларды қаржыландыруды арттыруға мүмкіндік берді. 2024 жылдың басынан Алматы бюджеті 204,5 миллиард теңгеге ұлғайып, 1 828,5 миллиард теңгеге жетті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру жалғасуда, ол шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Әрекеттегі субъектілер саны 6,2 пайызға өсіп, 361,1 мыңға жетті. Жыл қорытындысы бойынша Алматының ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 60 пайызға дейін артады.
Президенттің тапсырмаларын орындау аясында қаланың сапалы дамуын және тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Қала құрылысы регламенті, Құрылыс ережелері және Тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы әзірленді. Жаңалықтар жыл соңына дейін қалалық мәслихат сессиясында бекітіледі.
- Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бюджет 2,5 есеге артып, 26,3 миллиард теңгеге жеткені туралы ақпарат алды. Тамыз айында алғаш рет Қазақстанда балалар арасындағы мүгедектікті азайту мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде Ерте араласу орталығы құрылды. Басым бағыттардың бірі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту болып табылады. Есепті кезеңде 219 шақырым жаңа су құбыры және кәріз желілері салынды, 27,3 шақырым желі жаңғыртылды, 66 шақырым электр желісі қайта құрылды, - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына Алматының жасыл қорын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы ақпарат берілді. Жасыл желектерге тиімді күтім жасау үшін 110 шақырым суару жүйесі орнатылды. 2024 жылы саябақ аумақтарының көлемі 996 гектарға дейін жеткізілмек.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің қала экономикасына үлесін арттыру, көлік жүйесін дамыту, қоғамдық көлікті экологияландыру, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды сапалы жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.