Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметіне сәйкес, елдегі індетті жеңу үшін 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінген.
«Оның ішінде 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалса, 2 миллиард 30 миллион теңге дәрі, медициналық заттарға, ал 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтайтын тестке бөлінген. 100 миллион теңге сатып алу қызметтері бойынша әзірлеу және шығару жиынтығы реагенттерді анықтау үшін жұмсалды.
ПЦР әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізу қызметтеріне 13,7 миллиард теңге бөлінді. 310 миллион теңге тыныс алдыру аппараттарына, 131 миллион теңге адамдарды эвакуациялауға, Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді. Оның 19,5 миллиард теңгесі медициналық қызмет көрсетуге жұмсалды. Карантиндік іс-шараларды өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард теңге бөлінді. Індетке шалдыққан науқастарды орналастыру үшін жылдам салынатын үш кешен құруға 14,8 миллиард теңге жұмсалды», – деді министр.