Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2022 жылдың 31 қаңтарында сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті. Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.
Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Көлемі анықталуда.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.