Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді.
Ұлттық банктің жаңа мекенжайы Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57 А орналасқан.
Президент тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.
Өкілдік Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз жұмыс істейді.