Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк телефон алаяқтарының жаңа схемасы туралы ескертті
Жаңалықтар

Ұлттық банк телефон алаяқтарының жаңа схемасы туралы ескертті

12.10.2022
1 мин
0
1586

Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырыспайды. Бұл туралы қаржы ұйымы хабарлады.

Ұлттық банк телефон алаяқтарының өз «өкілеттігін» немесе жоқ шоттары мен аударымдарын растау үшін жалған құжат ұсыну фактілері жиілеп жатқанын мәлімдеді. 

«Ескертеміз: алаяқтар өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, ҚР азаматтарының қаражатын жымқыру мақсатында жаңылыстыруға тырысады. Сонымен қатар, бұл схемалар «арнайы операция» деген желеумен «құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен» жүзеге асырылып жатқандай болады. Сол іс-әрекетінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық банктің қызметкеріне» қоңырау шалады, қызметкердің жалған куәлігін ұсынып, банктік аударымдар үшін деректер жібереді», - деп жазды ведомстводан. 

Мұндай құжаттар, көбіне, азаматтың несиелік қарызын өтеу үшін азаматтар аударған қаражаты бар банкте шоты немесе сейфтік ұяшығы барын растайтын ақпаратты қамтиды. Бұдан басқа, құжатта «уәкілетті тұлғалардың» қойған қолы, аты-жөні, мөрі және басқа да растайтын элементтер көрсетіледі. 

«Банктік операцияларды растайтын жалған құжаттарды немесе жалған суреті бар куәліктерді пайдаланғаны – азаматтардың сенімін оятады және алаяқтарға қомақты соманы аударуға мәжбүрлейді. 

Осыған байланысты Ұлттық банк «құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен» немесе «Ұлттық банк қызметкерінен» телефон арқылы қоңырау түскенде әңгімені үзіп, алаяқтық мақсатта ойластырылған «арнайы операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін жеткізеді. Бұдан әрі 1477 нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына немесе құқық қорғау органдарына жүгінуге болады», - делінген хабарламада. 

Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауды, өзінің дербес деректерін жарияламауды, ұялы телефонды қашықтан басқартпауды және телефонмен әңгіме кезінде алынған нұсқаулар бойынша қаражатты үшінші тұлғаның шотына аудармауды сұрайды. 

Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтініне және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынына назар аударамыз. Ұлттық банктің қызметімен nationalbank.kz ресми сайтында танысуға болады. 

 

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2628 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл