Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі таңда арам ойын іске асыратындар жетерлік. Мұндай жағдайды үй алу кезінде жиі байқауға болады. Ал үй аларда неге мән беру керек, Dauletten.kz зерттеп көрді.
Бірқатар факторға назар аударып, баспана алатын кезде 6 кеңесті есте сақтау керек екенін түсіндік.
1. Пәтер немесе үй алар алдында банк менеджеріне хабарласып, барлық құжаттарыңызды тексертіп алыңыз: табыс, несие тарихы, салық т.б. Ипотекалық несие алар кезде даяр болып барған өзіңізге ыңғайлы.
2. Пәтер немесе үй соғылғанына 50 жылдан аспау керек. Егер үй немесе пәтер бетоннан, монолиттен немесе кірпіштен соғылса, 60 жылдан аспағаны абзал.
3. Кепіл ретіне ақшаны бермес бұрын үй құжаттарын міндетті түрде тексеріңіз. Үй иесі кім екенін, оның төлқұжатын тексеріңіз.
4. Егер кепіл ақшасын берген болсаңыз, барлық сома қай күні қайтарылатынын келісіп алыңыз. Күтпеген жағдайлар болып қалатынын ескеріңіз (ақша кеш түсуі мүмкін), алдын ала шешім алыңыз.
5. Үйде қайта жоспарлау болған/болмағанын үйдің тех.жоспарымен салыстырыңыз.
6. Үй басқа банкте кепілдікте тұрса, бұған мән бергеніңіз жөн. Бұл пәтерді сатып алуға болады, бірақ алу уақыты ұзаққа созылады.
Фото: mail.kz