Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында жалған ақша жасаған қылмыскерлер ұсталды. Олар 10 000 теңгелік банкнотты жасаумен және оны өткізумен айналысқан. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.
«Жалған ақша жасау мақсатында бір топ адам арнайы цех ашқан. Мекемеден істі жүзеге асыруға қажетті заттар тәркіленді. Олардың ішінде түрлі-түсті принтер, арнайы қағаз, бояулар, екі жағында 10 000 теңге банкнотының суреттері бар файлдар, ұлттық нақыштағы ою-өрнектің орнына қолданған фольгадан жасалған ленталар, сондай-ақ 220 000 теңге көлемінде жалған ақша табылған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 231-бабының 2-б. сәйкес (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) кінәлі деп танылып, астыртын цех ұйымдастырушылардың біріншісіне 5 жыл, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.