Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмекке Қырғыз Республикасынан келген әріптестеріне алғыс білдіріп, шығарып салды, деп хабарлайды Dauletten.kz, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 желтоқсан күні көрші елден 8 бірлік техника мен 42 жеке құрам көлеміндегі күштер мен құралдар келген болатын.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері ескі Қордай асуында 16 адамды, 2 жүк көлігі мен 3 жолаушылар көлігін құтқарды.
Жамбыл облысының Қордай ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген қырғыз құтқарушыларға алғыс хаттар табыс етілді.