Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуінде ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлім етті.
Заң кеңесі түріндегі тегін заң көмегіне кепілдік беретін қызметкерлердің саны кеңейтілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндіктері бар.
Биылғы жылдың 10 айында облыс бойынша 12,5 мыңға жуық азамат тегін заңгерлік көмек алды.
Шара барысында министр облыс тұрғындарын жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізу және цифрландыру, атқарушылық өндіріс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық насихат жұмыстары, заңнаманы дамытудағы негізгі мәселелер мен оны жетілдіру жайында айтты. Сонымен қатар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы хабардар етті.
Кездесуден кейін Әділет министрі азаматтарға жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді. Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысынан келген азаматтар адвокаттардың әрекетіне, атқарушылық іс жүргізу бойынша сот шешіміне, жеке сот орындаушылардың әректіне және жылжымайтын мүлікке шектеу қою мәселесі бойынша шағымданды. Министр арызданушының мәселесін тыңдап, тиісті салалық департамент басшыларына тапсырмалар берді. Ал қосымша зерттеуді қажет ететін жайттарға байланысты тексеріс жүргізіліп, бұл шағымдарды жеке бақылауына алатынын айтты.