Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жарты миллиард теңгеден астам салық төленбегені анықталды
Жаңалықтар

Жарты миллиард теңгеден астам салық төленбегені анықталды

05.09.2020
1 мин
1
860

Павлодар қаласында 550 млн теңгеден астам соманың салығы төленбегені анықталды, – деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер, тиеп жөнелтілмеген тауарларға шот фактураны заңсыз жазу фактілерін анықталды.

«Заңсыз іс-әрекет жалпы айналымы 2 миллиард теңгеден астам соманы құрап, соның нәтижесінде мемлекетке 550 млн теңгеден астам сомаға салық төлемеу түрінде залал келтірілді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды орындау шеңберінде бюджет қаражатын ұрлауға, қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға, сондай-ақ капиталды шетелге шығаруға қатыстылығы тексерілуде» делінген хабарламада.

Комитет ақшалай сыйақы немесе бір рет пайда табу үшін заңды тұлғаны (АҚ, ЖШС, ЖК) өз атына тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынғандардан сақ болу керектігін ескертеді.

 

Дереккөз: Aikyn.kz 
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
J
Jana gul 05.09.2020
Пойыздар кашан журет Алматы мангышлактар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл